1 min read
Слушать(AI)ҒАШЫҚТЫҢ СЫРЫ
Түн тұмшылап біртіндеп,
Жұлдыздар жымың қағады.
Жүрегім қатты дүрсілдеп,
Аңсатып сені барады.
Қаншама сырды ақтарып,
Айтып ем саған не шара.
Дауысың қалды жатталып,
Қош айтыппыз бир жола.
Ұмыту сені оңай ма,
Арманым сенсің жалған-ай.
Қалайша жаным, қалайша,
Ұмыттың бәрін оп оңай.
Сағынбассың сен мені,
Сөзсіз оны ұқтым мен.
Сағынам бірақ мен сені,
Таусылғаншы соңғы дем.
Сол еді ең ауыр жаза,
Тағдырдың маған сыйлығы.
Саған деген сезімім таза,
Шын суйю жүрек бұйрығы.
Асима Момышева
Люблю писать. Психолог. Боксер
Comments
You need to be signed in to write comments
Other author posts
АНАШЫМДАЙ ҰСТАЗЫМ
Ұстазым, анашымдай көрінесің, Жаман болсам, қиналып түңілесің. Білім сырын біртіндеп үйретесің, Жүрегіме бойлайсың, үңілесің.
ЖҮРЕК
Жүрекке жүрек үн қатты, Жүректі жүрек ұнатты. Жүрекпен жүрек сырласып, Жүректен жүрек сұрапты.
АҚПАТШАМ
Сеніменен, егіз менің тілегім. Егіз менің сен деп соққан жүрегім Өмірімнің ақ патшасы сайланып, Болдың ба сен, мəңгі менің тірегім.
Қазағым
Аңсағанға қолың жетті қазағым, Бодандықтың талай тарттың азабын. Бабалардың қаны сіңді жеріңе, Өзің жайлы мақтанышпен жазамын.