ҒАШЫҚТЫҢ СЫРЫ
Түн тұмшылап біртіндеп,
Жұлдыздар жымың қағады.
Жүрегім қатты дүрсілдеп,
Аңсатып сені барады.
Түн тұмшылап біртіндеп,
Жұлдыздар жымың қағады.
Жүрегім қатты дүрсілдеп,
Аңсатып сені барады.
Ұстазым, анашымдай көрінесің,
Жаман болсам, қиналып түңілесің.
Білім сырын біртіндеп үйретесің,
Жүрегіме бойлайсың, үңілесің.
Жүрекке жүрек үн қатты,
Жүректі жүрек ұнатты.
Жүрекпен жүрек сырласып,
Жүректен жүрек сұрапты.
Сеніменен, егіз менің тілегім.
Егіз менің сен деп соққан жүрегім
Өмірімнің ақ патшасы сайланып,
Болдың ба сен, мəңгі менің тірегім.
Аңсағанға қолың жетті қазағым,
Бодандықтың талай тарттың азабын.
Бабалардың қаны сіңді жеріңе,
Өзің жайлы мақтанышпен жазамын.
Я, Аллахым тіленерім, тілерім,
Сұранарым қолым жайып бір менің.
Ырысымды, жеңісімді көбейтер,
Ұрпақ берші, болсын дәйім сенерім.