·
1 min read
Слушать

ҒАШЫҚТЫҢ СЫРЫ

Түн тұмшылап біртіндеп,

Жұлдыздар жымың қағады.

Жүрегім қатты дүрсілдеп,

Аңсатып сені барады.


Қаншама сырды ақтарып,

Айтып ем саған не шара.

Дауысың қалды жатталып,

Қош айтыппыз бир жола.


Ұмыту сені оңай ма,

Арманым сенсің жалған-ай.

Қалайша жаным, қалайша,

Ұмыттың бәрін оп оңай.


Сағынбассың сен мені,

Сөзсіз оны ұқтым мен.

Сағынам бірақ мен сені,

Таусылғаншы соңғы дем.


Сол еді ең ауыр жаза,

Тағдырдың маған сыйлығы.

Саған деген сезімім таза,

Шын суйю жүрек бұйрығы.

1
0
136
Give Award

Асима Момышева

Люблю писать. Психолог. Боксер

Other author posts

Comments
You need to be signed in to write comments

Reading today

Ryfma
Ryfma is a social app for writers and readers. Publish books, stories, fanfics, poems and get paid for your work. The friendly and free way for fans to support your work for the price of a coffee
© 2024 Ryfma. All rights reserved 12+