1 мин
Слушать(AI)АҚПАТШАМ
Сеніменен, егіз менің тілегім.
Егіз менің сен деп соққан жүрегім
Өмірімнің ақ патшасы сайланып,
Болдың ба сен, мəңгі менің тірегім.
Ақ патшам, əміршім, сенерімсің.
Шаңырақтың қорғаны, сен ерісің.
Бақыттымын өзіңмен жаным менің,
Сақтап тұрар отбасын білегімсің.
Сен қуансаң қуанам шаттанамын,
Мұңайғанда мұңайып жасқанамын.
Асыл жаным, өзіңнің тілеушің боп,
Əрдайым мен қасыңнан табыламын.
Маған ғана жаралған аппағым деп,
Барша əлемге мақтанып жар саламын.
Асима Момышева
Люблю писать. Психолог. Боксер
Комментарии
Вам нужно войти , чтобы оставить комментарий
Другие работы автора
ҒАШЫҚТЫҢ СЫРЫ
Түн тұмшылап біртіндеп, Жұлдыздар жымың қағады. Жүрегім қатты дүрсілдеп, Аңсатып сені барады.
АНАШЫМДАЙ ҰСТАЗЫМ
Ұстазым, анашымдай көрінесің, Жаман болсам, қиналып түңілесің. Білім сырын біртіндеп үйретесің, Жүрегіме бойлайсың, үңілесің.
Қазағым
Аңсағанға қолың жетті қазағым, Бодандықтың талай тарттың азабын. Бабалардың қаны сіңді жеріңе, Өзің жайлы мақтанышпен жазамын.
Ұрпақ берші
Я, Аллахым тіленерім, тілерім, Сұранарым қолым жайып бір менің. Ырысымды, жеңісімді көбейтер, Ұрпақ берші, болсын дәйім сенерім.