1 мин
Слушать(AI)Қазағым
Аңсағанға қолың жетті қазағым,
Бодандықтың талай тарттың азабын.
Бабалардың қаны сіңді жеріңе,
Өзің жайлы мақтанышпен жазамын.
Талай ерлер жауға аттанды ел үшін,
Талай батыр жанын қиды сен үшін.
Ұл-қызыңның ерлігімен бүгінде,
Тәуелсіздік сенің жеткен жемісің.
Оның міне он жылдыгғын тойлайсың,
Тойлайсың да қызығына тоймайсың.
Егемен ел, шын тәуелсіз қазағым,
Көркейсем деп ертеңіңді ойлайсың.
Асима Момышева
Люблю писать. Психолог. Боксер
Комментарии
Вам нужно войти , чтобы оставить комментарий
Другие работы автора
ҒАШЫҚТЫҢ СЫРЫ
Түн тұмшылап біртіндеп, Жұлдыздар жымың қағады. Жүрегім қатты дүрсілдеп, Аңсатып сені барады.
АНАШЫМДАЙ ҰСТАЗЫМ
Ұстазым, анашымдай көрінесің, Жаман болсам, қиналып түңілесің. Білім сырын біртіндеп үйретесің, Жүрегіме бойлайсың, үңілесің.
Ұрпақ берші
Я, Аллахым тіленерім, тілерім, Сұранарым қолым жайып бір менің. Ырысымды, жеңісімді көбейтер, Ұрпақ берші, болсын дәйім сенерім.